Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасындағы басты мәселені айтты

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев еліміздегі футболдың үлкен мәселесін ашып көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Магомед Адиев, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері, елдегі футболдың негізгі мәселесін атап өтті.
  • Адиевтің айтуынша, "үлкен проблема" - футболшылардың өз клубтарында жеткілікті ойын тәжірибесі болмауы, бірақ ұлттық құрамаға шақырылуы.
  • Бапкер болған кезінде, Адиев жас футболшыларға мүмкіндік беруге тырысқанын, соның ішінде Иван Свиридов, Әділет Садыбеков, Ислам Чесноков және Эльхан Астанов сияқты ойыншыларды атап өтті.

"Мен бапкер болған кезімде, көптеген жас футболшы құрамада дебют жасады. Біз үнемі ізденуге тырыстық. Сол уақытта құрамада Иван Свиридов, Әділет Садыбеков, Ислам Чесноков ойнады. Эльхан Астанов та өзінің бабында жүрген кезде ұлттық құрамада өнер көрсетті. Қолымыздан келгенше жастарға басымдық бердік.

Сондай-ақ егер футболшы өз клубында мүлдем алаңға шықпайтын болса, бұл үлкен қиындық туғызады. Осылайша сол футболшыны құрамаға шақырып, үлкен командаларға қарсы ойнатуға тырысасың. Бұл үлкен проблема. Бірақ сенің құрамаңда үлкен таңдау болмаса, не істейсің? Бұл жағдайға бейімделуге тура келеді", - деді Магомед Адиев Youtube желісіндегі BorodAbata арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Магомед Адиев 2022-2024 жылдары аралығында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған. Қазіргі уақытта ол ресейлік "Ахмат" клубын жаттықтырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2151859-magomed-adiev-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasyndagy-basty-maseleni-aitty/