Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" жанкүйерлері арасында жаппай қақтығыс орын алды (видео)

Жарияланған күні:

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" жанкүйерлері арасындағы төбелес
"Ордабасы" мен "Ақтөбе" жанкүйерлері арасындағы төбелес. Скриншот: t.me/kzmatch

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 18-турындағы "Ордабасы" мен "Ақтөбе" матчы қарсаңында екі команданың жанкүйерлері арасында қақтығыс орын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жанкүйерлері арасында Шымкентте жаппай төбелес болды.
  • Матч 1:1 есебімен аяқталды, "Ақтөбе" атынан Хосе Севальос, ал "Ордабасы" атынан Шахбоз Умаров гол соқты.
  • "Ақтөбе" жанкүйерлері төреші Бағдат Абдуллаевтың Дорни Ромероның голын есепке алмағанына наразы болды.

Telegram желісіндегі Match KZ арнасында жарияланған видеода Шымкент қаласында қос команданың жанкүйерлері арасында жанжал туындап, артынша төбелеске ұласқанын көруге болады.

Аталмыш матч тең нәтижемен аяқталды – 1:1. Ойынның 13-минутында "Ақтөбе" командасының ойыншысы Хосе Севальос қонақтарды алға шығарды. Алайда 72-минутта шымкенттік ұжымның шабуылшысы Шахбоз Умаров есепті теңестірді.

Бұл ойында "Ақтөбе" жанкүйерлері төреші Бағдат Абдуллаевтың шешіміне наразылық танытты, өйткені ол Дорни Ромероның бірінші таймда соққан голын есепке алмады.

Айта кетейік, бұл екі команданың жанкүйерлері арасындағы алғашқы қақтығыс емес. Бұған дейін 2023 жылдың мамырында Шымкентте "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жанкүйерлері арасында жаппай төбелес орын алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2153188-ordabasy-men-aqtobe-zhankuierleri-arasynda-zhappai-qaqtygys-oryn-aldy-video/