Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Англия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы өмірден озды

Жарияланған күні:

Свен-Йоран Эрикссон
Свен-Йоран Эрикссон. Фото: Marco Rosi - SS Lazio/Getty Images

Атақты швециялық жаттықтырушысы Свен-Йоран Эрикссон 76 жасында өмірден озды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақаланың қысқаша мазмұны берілген жоқ.
  • Бұл сөз тек "мақала" деген мағынаны білдіреді.
  • Толық мәтін болмағандықтан, нақты ақпарат алу мүмкін емес.

Эрикссон биыл қаңтарда ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққан болатын. Бапкердің қайтыс болғаны туралы хабарды оның отбасы растады.

"Ұзақ уақытқа созылған аурудан кейін Свен-Йоран үйінде, жақындарының ортасында таңертең қайтыс болды. Оны қызы Лина, ұлы Юхан әйелі Аманамен және немересі Скаймен, әкесі Свен, қызы Янисет ұлы Алсидеспен, ағасы Ларс-Эрик әйелі Юмнонмен бірге аза тұтып отыр. Отбасы өздерінің қайғысын жеке бөлісуді қалағандықтан, оларды мазаламауды сұрайды", - делінген Sky News басылымында жарияланған материалда.

Свен-Йоран Эрикссон 2001-2006 жылдар аралығында футболдан Англия құрамасының бас бапкері болып еңбек еткен.

Сондай-ақ Эрикссон өзінің бапкерлік мансабында футболдан Мексика, Кот-д'Ивуар және Филиппин ұлттық құрамаларын да жаттықтырған.

Эрикссон "Рома", "Бенфика", "Фиорентина" сияқты еуропалық клубтарында бапкерлік қызмет атқарған. Англияда Эрикссон ұлттық құрамамен қатар "Манчестер Сити" мен "Лестер Сити" командаларын да баптаған және "Ноттс Каунти" клубының спорттық директоры қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2153500-alem-futboldyng-angyzy-sven-ioran-eriksson-76-zhasynda-qaitys-boldy/