Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағын сындырған": қырғызстандық футболшы төбелескені үшін футболдан 5 жылға шеттетілді

Жарияланған күні:

Мирбек Ахматалиев
Мирбек Ахматалиев. Фото: instagram.com / mirbek.akhmataliev

Футболдан Қырғызстан құрамасы мен "Мурас Юнайтед" клубының шабуылшысы Мирбек Ахматалиев украиналық ойыншы Евгений Терзимен төбелескені үшін футболдан 5 жылға шеттетілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қырғызстан кәсіпқой футбол лигасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қырғызстан құрамасының шабуылшысы Мирбек Ахматалиев украиналық ойыншы Евгений Терзимен төбелескені үшін футболдан 5 жылға шеттетілді.
  • Төбелес "Мурас Юнайтед" командасының жаттығуы кезінде болып, нәтижесінде Терзидің жақ сүйегі сынған.
  • Қырғызстан футбол федерациясы Ахматалиевті жазалаумен қатар, "Мурас Юнайтед" клубы бүкіл бапкерлік штаб пен спорттық директорды қызметінен босатты.

Sport Akipress басылымының мәліметінше, "Мурас Юнайтед" командасының жаттығуы кезінде Мирбек Ахматалиев пен оның украиналық командаласы Евгений Терзи арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Төбелестің салдарынан украиналық футболшы Евгений Терзидің жақ сүйегі сынған.

Қырғызстан футбол федерациясының мәлімдемесінде жанжалдың басты себебі Мирбек Ахматалиев екені анықталғаннан кейін, клуб онымен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдағаны айтылған.

Қырғызстан футбол федерациясының жиынында Мирбек Ахматалиевті футболдан 5 жылға шеттету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар "Мурас Юнайтед" клубы оқиғаға байланысты бүкіл бапкерлік штаб пен спорттық директорды қызметінен босатты. Мирбек Ахматалиев қазіргі таңда қамауға алынған.

Айта кетейік, Алматыда әуесқой футбол клубтары арасында өткен ойында да жанжал туындап, ойыншылар төрешіні соққыға жыққан болатын. Бұл мәселе бойынша Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2153707-zhagyn-syndyrgan-qyrgyzstandyq-futbolshy-tobeleskeni-ushin-futboldan-5-zhylga-shettetildi/