Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду командасындағы бапкерге көңілі толмағандықтан, басшылыққа өз үміткерін ұсынды

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Crystal Pix/MB Media/Getty Images

"Әл-Насрдың" шабуылшысы Криштиану Роналду клуб басшылығынан Зинедин Зиданды команданың бас бапкері етіп тағайындауды сұраған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ OK Diario басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубының басшылығынан Зинедин Зиданды команданың бас бапкері етіп тағайындауды сұраған.
  • Роналдудың ойынша, қазіргі уақытта клубта бас бапкерге қатысты мәселелер бар және Зиданды тағайындау ең жақсы шешім болады.
  • "Әл-Наср" қазіргі уақытта Луиш Каштрудың жетекшілігімен жаңа маусымда Сауд Арабиясының Суперкубогында жеңіліс тапты және чемпионаттың бірінші турында тең ойнады.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта португалиялық футболшы "Әл-Наср" клубында бас бапкерге қатысты бірқатар мәселе бар деп есептейді. Роналдудың пікірінше, бұл лауазымға Зиданды тағайындау ең жақсы таңдау болады. "Реал Мадрид" ұжымын жаттықтырған Зидан УЕФА Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет жеңіп алған.

Қазіргі уақытта "Әл-Наср" клубын 62 жастағы португалиялық маман Луиш Каштру баптайды. Жаңа маусымның басында команда Сауд Арабиясының Суперкубок ойынында "Әл-Хилалдан" жеңіліп қалды (1:4), сондай-ақ Сауд Арабиясы чемпионатының 1-турында "Әл-Раедпен" тең ойнады (1:1).

Айта кетейік, Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол клуб сапында 68 матч өткізіп, 62 гол соққан, 17 нәтижелі пас берген.

Зинедин Зидан футболшы ретінде Франция ұлттық құрамасы сапында ойнаған. Франция ұлттық құрамасымен бірге 1998 жылы әлем чемпионы атанса, 2006 жылғы әлем біріншілігінде күміс еншіледі.

Бапкерлік мансабында "Реал Мадрид" командасын жаттықтырып, 2016, 2017, 2018 жылдары УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2154208-ronaldu-komandasyndagy-bapkerge-kongili-tolmagandyqtan-basshylyqqa-oz-umitkerin-usyndy/