Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Станислав Черчесов: Жанкүйерлердің қолдауына үміт артамыз

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Главный тренер сборной Казахстана по футболу Станислав Черчесов. Фото: Srdjan Stevanovic/Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың алдағы ОЖЖ туралы және Норвегия мен Словения құрамалары жайлы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыркүйек айының басында Қазақстан құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын бастайды.

"Алматыға жиынға дейін барамын. Өйткені ұйымдастыру жұмысы бар. Жиын "Орталық стадионда" өтеді. Соңғы уақытта ол жақта көп ойындар өтті. Бастысы алаң сапасы шыдаса екен. Жаттығу жоспары түзіліп қойған, алайда "Қайрат" – "Астана" матчының шегерілуіне байланысты өзгеріс енгізуге тура келеді. Кейбір футболшылар 1 қыркүйекте, енді бірі 2 қыркүйекте келсе, соңғылары 3-не командаға қосылады", - деді бапкер.

Бас бапкер Станислав Черчесов Норвегия мен Словения құрамаларының мықты және әлсіз тұстарын атап өтті.

"Әзірге Словения жайлы ойламаймыз. Өйткені бірінші қарсылас Норвегия. Екінші қарсылас туралы кейінірек ойлаймыз. Еуропада чемпионаттар мен еурокубоктар басталып кетті. Холандтың қалай гол соғып жүргенін көріп жүрміз. Десе де Холандқа емес, Норвегия құрамасына дайындаламыз.

Словения құрамасына келер болсақ, олардың Еуропа чемпионатындағы ойынын көрдім. Оның үстіне, Қазақстан құрамасы Словениямен былтыр ойнаған. Деңгейі бар мықты ұжым. Бірақ Словения туралы ойлауға әлі ерте. Алда тұрған кедергіні емес, одан кейінгісін ойласаң, біріншісінде сүрінетінің анық.

Барлық билет сатылып кетті деп естідім. Барлық жанкүйерді асыға күтеміз, өйткені әрайқысының қолдауына үміт артамыз. Өз тарапымыздан сіздерді қуанту үшін алаңда қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Сіздердің қолдауыңызға сенеміз. Сіздер де бізге сеніңіздер. Жетістікке бірге жетеміз", - деді Черчесов.

Айта кетейік, осыған дейін футболдан Норвегия ұлттық құрамасының ресми сайтында команданың Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Аустрияға қарсы матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімі жарияланған еді. Матчтарға шақырылғандардың тізімінде "Манчестер Сити" футболшысы Эрлинг Холанд пен "Арсенал" ойыншысы Мартин Эдегор да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2154801-stanislav-cherchesov-zhankuierlerding-qoldauyna-umit-artamyz/