jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Эрлинг Холанд Алматыға келе ме: Норвегияның Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамы жарияланды

    Футболшы Эрлинг Холанд
    Футболшы Эрлинг Холанд. Фото: Robbie Jay Barratt / Getty Images

    Футболдан Норвегия ұлттық құрамасының ресми сайтында команданың Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Аустрияға қарсы матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    6 қыркүйекте Норвегия құрамасы Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстанға қарсы ойнаса, 9 қыркүйекте өз алаңында Аустриямен кездеседі.

    Матчтарға шақырылғандардың тізімінде "Манчестер Сити" футболшысы Эрлинг Холанд пен "Арсенал" ойыншысы Мартин Эдегор да бар.

    Норвегия командасының құрамы:

    • Қақпашылар: Матиас Дюнгеланн ("Бранн"), Эрьян Нюланн ("Севилья", Испания), Эгил Селвик ("Хеугесунн");
    • Қорғаушылар: Кристофер Айер ("Брентфорд", Англия), Фредрик Бьеркан ("Буде-Глимт"), Йеспер Даланн ("Кардифф Сити", Англия), Андреас Ханче-Ольсен ("Майнц 05", Германия), Юлиан Рюэрсон ("Боруссия" Дортмунд, Германия), Фредрик Шевольд ("Буде-Глимт"), Давид Меллер Вольфе (АЗ, Нидерланды), Лео Эстигор ("Ренн", Франция);
    • Жартылай қорғаушылар: Патрик Берг ("Буде-Глимт"), Сандер Берге ("Фулхэм", Англия), Арон Деннум ("Тулуза", Франция), Феликс Хорн Мюре ("Бранн"), Антонио Нуса ("РБ Лейпциг", Германия), Осаме Сахрауи ("Лилль", Франция), Кристиан Торстведт ("Сассуоло", Италия), Мортен Торсбю ("Дженоа", Италия), Мартин Эдегор ("Арсенал, Англия);
    • Шабуылшылар: Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити"), Йерген Странн Ларсен ("Вулверхэмптон", Англия), Александер Серлот ("Атлетико", Испания).

    Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйекте Норвегия және Словения құрамаларына қарсы өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялаған еді.

    Эрлинг Холанд Алматыға келе ме: Норвегияның Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.