Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" футбол клубы жауапсыз үш гол соғып, Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубының ойыншылары
"Астана" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fca.astana

"Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңі аясында норвегиялық "Бранн" командасына қарсы қарымта кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алматының Орталық стадионында өткен ойын 3:0 есебімен "Астананың" пайдасына шешілді. Джеффри Чинеду дубль жасаса (59,80-минутта), 90-минутта Рамазан Кәрімов шешуші голды соқты.

Екі команда арасындағы алғашқы матчта норвегиялық команда 2:0 есебімен ұтқан еді. Қос матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен астаналық клуб басым түсіп, Конференция лигасының топтық кезеңіне өтті.

Айта кетейік, "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастады. Қазақстандық команда алғашқы айналымда молдовалық "Милсами" клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңді. Кейін румыниялық "Корвинул" ұжымын 8:2 есебімен ойсырата ұтып, келесі кезеңге өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2155188-astana-futbol-kluby-konferentsiia-ligasynyng-toptyq-kezengine-shyqty/