Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан – Норвегия кездесуі: Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасады

Жарияланған күні:

Алматы қаласының Орталық стадионы
Алматы қаласының Орталық стадионы. Фото: instagram/kff_team

Бүгін, 6 қыркүйек Алматыда футболдан Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы матч өтеді. Алматының спорт басқармасы жанкүйерлерге арналған арнайы ақпарат жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы спорт басқармасы жанкүйерлерден көп адам болғандықтан кіре берісте бір-бірімен тіреліп қалуларына жол бермеу мақсатында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы футбол матчын көру үшін "Орталық стадионға" ерте келуді сұрайды.

УЕФА Ұлттар лигасының матчы 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының орталық стадионында өтеді. Стадионға кіре берісте кезек күтпеу үшін жанкүйерлерден матч басталардан 2 сағат бұрын стадионға келуді өтінеміз.

Еске салайық, алыпсатарлықтың алдын алу үшін билеттер ойын күні, билеттерді сатып алу кезінде көрсетілген жеке почтада матч басталардан 2 сағат бұрын жіберіледі. Сондай-ақ түсініспеушіліктерді болдырмау үшін билеттерді үшінші тұлғалардан сатып алмауды сұраймыз, делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов баспасөз мәслихатында Норвегияға қарсы өтетін алдағы матч туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2158173-qazaqstan-norvegiia-zhankuierlerge-arnalgan-aqparat/