Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футбол клубы жаңа бас бапкерін таныстырды

Жарияланған күні:

Рафаэль Уразбахтин
Рафаэль Уразбахтин. Фото: fckairat.com

Рафаэль Уразбахтин алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, келісімшарт маусым соңына дейін жасалды.
  • Уразбахтин бұрын футболшы ретінде "Қайратта" ойнаған, Қазақстан құрамасының намысын қорғаған және 200-ден астам Премьер-лига ойынына қатысқан.
  • Ол 2014 жылдан бері бапкерлік мансабын бастап, "Қайрат" академиясында, "Шахтер" клубында және "Қайрат-Жастар" командасында әртүрлі қызметтер атқарған.

Рафаэль Уразбахтинмен келісімшарт маусымның соңына дейін жасалды. Оның штатында клуб құрылымының бапкерлері Максим Зуев пен Сергей Куцов болады.

"Футболшы кезінде Рафаэль Радикович Қазақстанның түрлі клубында, соның ішінде "Қайратта" өнер көрсеткен. Премьер лигада жалпы 200-ден астам ойын өткізген. Қазақстан құрамасының да намысын қорғаған. Рафаэль Радиковичке команда тізгінінде жарқын жеңістерге жетіп, табысты нәтиже көрсетсін деп тілейміз!" - делінген клубтың әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Ол өзінің бапкерлік мансабын 2014 жылы бастады. 2019 жылдың соңына дейін "Қайрат" футбол клубының академиясының әртүрлі жастағы командасында еңбек еткен. Сондай-ақ Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабының мүшесі болды. 2020-2022 жылдар аралығында дейін қарағандылық "Шахтер" клубында бас бапкердің көмекшісі, кейін клубтың спорт директоры қызметін атқарды.

2023 жылдың басында Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" клубының құрылымына оралып, алматылық ұжымның U-18 командасының бапкерлер штабының құрамына енді. Командамен бірге QJ League турнирінің чемпионы атанды.

Биылғы маусымды "Қайрат-Жастар" клубының аға бапкері ретінде бастады. Мамыр айында ол "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарды. Кейін негізгі құрамның бұрынғы бапкері Александр Кержаковтың жаттықтырушылар штабына қосылды.

Айта кетейік, 3 қыркүйекте Александр Кержаков алматылық клубтан ресми түрде кетті. Ол мамырдың соңында "Қайраттың" бас бапкері болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2158261-rafael-urazbahtin-qairat-futbol-klubynyng-bas-bapkeri-bolyp-tagaiyndaldy/