Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елім үшін жанымды беремін": Нұрәлі Әліп қазақ халқына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Нұрәлі Әліп
Нұрәлі Әліп. Фото: https://www.instagram.com/nurik028/

"Зенит" және ұлттық құрама қорғаушысы Нұралы Әліп журналист Нұрсұлтан Құрманға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ футболшының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының Норвегиямен өткен ойынынан соң "Зенит" және ұлттық құрама қорғаушысы Нұралы Әліп мәлімдеме жасады.

"Қазақ елі, қолдауларыңызға рахмет! Осы орайда тағы бір мәселені айтқым келеді, соңғы берген сұхбатымды бұрыс түсінгендерге мына жайтты түсіндіргім келеді: мен қазақ тіліне қарсымын немесе сөйлемеу керек деген жоқпын, ондай ойым да болған жоқ. Өзім бір адамға (Нұрсұлтанға – авт.) келген қонаққа қонақжайлылығыңды көрсету керек деп айтқанмын. Бірақ ол адам мені дұрыс түсінбей, қазақ тіліне қарсымын деп ойлап, өз пікірін айтып, мені түсінбеді.

Ұзын сөздің қысқасы, мен де өздерің сияқты қазақ үшін жанын беруге дайын қазақтың қарадомалақ баласымын. Қазақты қазақ көтерер, біз – біргеміз, биік іргеміз", - деп жазды Әліп әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Нұрәлі Әліптің Instagram парақшасынан скриншот
Нұрәлі Әліптің Instagram парақшасынан скриншот: instagram.com/stories/nurik028/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2158551-elim-ushin-zhanymdy-beremin-nurali-alip-qazaq-halqyna-undeu-zhasady/