Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словенияға есе жіберді

Жарияланған күні:

Қазақстан және Словения құрамалары арасындағы матч
Қазақстан және Словения құрамалары арасындағы матч. Фото: Jurij Kodrun/Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында сырт алаңда Словениямен ойнап, жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

B лигасының 3-тобындағы екі құраманың кездесуі Люблянадағы (Словения) "Стожице" стадионында өтті. Бұл матчта 3:0 есебімен Словения құрамасы жеңіске жетті. Үш голды да Беньямин Шешко салды (23, 28 және 63-минутта).

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 қазанда сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізеді. Сол күні Словения сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.

Ал Қазақстан және Словения арасындағы қарымта матч 13 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда болады деп жоспарланған.

Еске салайық, Қазақстан командасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын 6 қыркүйекте өз алаңында Норвегияға қарсы өткізген еді. Бұл матчта екі команда 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2159371-ulttar-ligasy-qazaqstan-quramasy-syrt-alangda-sloveniiaga-ese-zhiberdi/