Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханадан бір-ақ шығарды": футболшы пенальти белгілеген төрешіні бір ұрып талдырған (видео)

Жарияланған күні:

"Ачех" – "Бандар Султенг" клубтары матчында орын алған жағдай
"Ачех" – "Бандар Султенг" клубтары матчында орын алған жағдай. Скриншот: x.com/lambepaklurah

Футболдан Индонезия чемпионаты аясында кездескен "Ачех" пен "Бандар Султенг" командалары арасындағы матч жанжалмен аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IDN Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан Индонезия біріншілігі аясында кездескен "Ачех" пен "Бандар Султенг" клубтары арасындағы ойында жанжал орын алады. Аталмыш жағдай даулы пенальти мен екі ойыншының алаңнан қуылуынан кейін басталған. Сол сәтте Мухаммад Ризки есімді футболшы төрешіні ұрып, оның жақ сүйегіне ауыр соққы жасаған. Төреші жедел жәрдемнің көмегімен ауруханаға жеткізілді.

Индонезия футбол федерациясы (PSSI) бұл мәселе бойынша қатаң шара қолданатынын мәлімдеді. Сонымен қатар төрешінің әрекетіне қатысты да тергеу жүргізілетінін растады.

Индонезия футбол федерациясының басшысы Эрик Тохир бұл оқиғаны қатаң айыптап, футболда зорлық-зомбылыққа орын жоқ екенін баса айтты.

"Бұл өте ұят оқиға. Біз жан-жақты зерттеу жүргізіп, ең қатаң жазаны қолданамыз," - деді Эрик Тохар.

Айта кетейік, мұндай оқиға Индонезия чемпионатында 2013 жылы орын алған. "Пелита Бандунг Рая" мен "Персива Вамена" арасындағы ойында футболшы Питер Румаропен төрешіні ұрып, мұрнына ауыр соққы жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2161893-auruhanadan-bir-aq-shygardy-futbolshy-penalti-belgilegen-toreshini-bir-uryp-taldyrgan-video/