Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

УЕФА Конференция лигасы: "Астана" жалпы кезеңдегі алғашқы матчта жеңіске жетті

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубының ойыншылары
"Астана" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fca.astana

Бүгін, 3 қыркүйекте "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясындағы алғашқы ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін елордалық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында Алматыда сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасына қарсы ойын өткізді. Бұл матчта "Астана" командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы жалғыз голды "Астана" клубының ойыншысы Кипрас Казуколовас (15-минут) соқты.

Айта кетейік, "Астана" УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде 24 қазанда "Нью-Сейнтспен" (Уэльс), 7 қарашада "Пафоспен" (Кипр), 28 қарашада "Виториямен" (Португалия), 12 желтоқсанда "Челсимен" (Англия), 19 желтоқсанда "АПОЭЛ"-мен (Кипр) ойнайды.

"Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастаған болатын. Алғашқы матчта елодалық ұжым молдовалық "Милсами" командасынан 3:2 есебімен басым түсті. Ал үшінші іріктеу кезеңінде "Астана" румыниялық "Корвинулды" (8:2) ойсырата ұтса, ал плей-офф кезеңінде норвегиялық "Бранн" клубынан айласын асырып кетті (3:2).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2169508-uefa-konferentsiia-ligasy-astana-zhalpy-kezengdegi-algashqy-matchta-zhengiske-zhetti/