Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа футболшылар қосылды: Қазақстан құрамасы алдағы ойындарға дайындалып жатыр

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: instagram/kff_team

Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриядағы оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық футболшылар Кремс қаласында УЕФА Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы матчына дайындалып жатыр. Ал Аустрия – Қазақстан матчы 10 қазан күні Линц қаласы, "Райффайзен Арена" стадионында өтеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 23:45-те.

Ұлттық құраманың Аустриядағы оқу-жаттығу жиынына бірнеше жаңа футболшы қосылды. Олар Жан Әли Пайруз, Андрей Ульшин, Ұлар Жақсыбаев және Әділбек Жұмаханов.

Айта кетейік, Қазақстан U-21 құрамасының бапкерлері Константин Горовенко мен Елдос Ахметов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің көмекшілері болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2170785-zhanga-futbolshylar-qosyldy-qazaqstan-quramasy-aldagy-oiyndarga-daiyndalyp-zhatyr-foto/