Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Станислав Черчесовтің бапкерлік штабына екі қазақстандық маман қосылды

Жарияланған күні:

Елдос Ахметов
Елдос Ахметов. Фото: kff.kz

Қазақстандық бапкер Константин Горовенко мен Елдос Ахметов ұлттық құраманың штабына кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан U-21 құрамасының бапкерлері Константин Горовенко мен Елдос Ахметов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің көмекшілері болып тағайындыланды. Ал Денис Мамонов жастар құрамасы аға бапкерінің міндетін атқарады.

Норвегиямен тең ойыннан кейін, Қазақстан құрамасы Люблянада Словениядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. 10 қазанда Черчесовтың шәкірттері сырт алаңда Аустрия құрамасына қарсы матч өткізеді, ал үш күннен кейін, 13 қазанда Алматыда Словенияны қабылдайды.

Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Роман Асранқұлов Ұлттар лигасының қазан айындағы матчтарына қатыса алмайтын болды. Қостанайлық "Тобыл" клубының қорғаушысы Қазақстан премьер-лигасы аясында астаналық "Жеңіс" командасына қарсы өткен ойында жарақат алып қалды. Ол жарақатына байланысты Ұлттар лигасы турнирінде төбе көрсете алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2170776-stanislav-cherchesovting-bapkerlik-shtabyna-eki-qazaqstandyq-maman-qosyldy/