Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Футболшылар аяғын әрең сүйретіп жүр": белгілі бапкер Станислав Черчесовке араша түсті

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Gonzalo Arroyo - UEFA/UEFA via Getty Images

Еңбек сіңірген бапкер Павел Черепанов Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Станислав Черчесовтың нәтижелері туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапқан еді.

Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Павел Черепанов ұлттық құраманың нәтижелері туралы айтып берді.

"Егер Қазақстан құрамасының нәтижелері туралы айтатын болсақ, бұл жерде өте маңызды мәселе бар. Қазақстандық футболшылардың ойын уақыты өте аз, өйткені бізде лимит толығымен жойылған. Бұл туралы Черчесов та айтқан еді: құраманың 50 пайызы ойын тәжірибесіне ие болмаған. Футболшылардың орындықта отырып функционалды дайындыққа ие болуы мүмкін емес. Мұнда мәселе Черчесовта емес, ол өте қиын жағдайға тап болды.

Біреулердің мүлдем тәжірибесі жоқ, ал басқаларының керісінше, тәжірибесі тым көп. Мысалы "Астана" ойыншылары. Олар бірнеше ойынды кейінге шегеріп, Чемпиондар лигасы іріктеу матчтарына дайындалуға мүмкіндік алды. Төрт ойын кейінге қалды, ал қазір маусымның соңына жетіп қалдық, екі күнде бір ойнауға мәжбүр. Олар аяғын әрең сүйретіп жүр. Черчесов бірнеше рет баспасөзде бес қорғаушымен ойнағанда шабуыл шебіміздің әлсірейтінін айтқан болатын, себебі алда ойыншылар жетіспейді. Қарапайым жағдайларда допты жоғалтпайтын футболшылар жоқ. Сондықтан төрт матчта бірде-бір гол соға алмадық", - деді Черепанов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3). Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан ойсырай жеңілді (0:4).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2174028-futbolshylar-aiagyn-areng-suiretip-zhur-belgili-bapker-stanislav-cherchesovke-arasha-tusti/