Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Французша сөйлеп отырсың ба": ҚФФ бас бапкерге қатысты даулы мәселеге жауап берді

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Скриншот: instagram.com / kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне байланысты әлеуметтік желіде жарияланған видеоға Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл оқиға 13 қазанда Алматыда өткен Қазақстан – Словения матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында болған. Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске бас бапкер: "Сен французша сөйлеп отырсың ба?" - деп тіл қатқан.

"Негізі бұл сұрақты Францияның "ПСЖ" клубының формасын киіп алған қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын.

Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз", - деп жазды ҚФФ Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2174589-frantsuzsha-soilep-otyrsyng-ba-qff-bas-bapkerge-qatysty-dauly-maselege-zhauap-berdi/