Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының мәресі аяқталуға жақын – кім чемпион атанады

Жарияланған күні:

Футболшылар допты тепкілейді
Фото: SD Family ФК баспасөз қызметі

1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының биылғы маусымының аяқталуына небәрі 2 тур ғана қалды. Қазірдің өзінде бес команда әлі де чемпиондықтан үмітті. Олар: "Оқжетпес", "Қайрат-Жастар", "Ұлытау", "Каспий" және "Хан-Тәңірі". Осы орайда турнирдің қорытындысы бойынша, екі үздік команда Премьер-лигаға жолдама алса, 15-16 орынға табан тіреген ұжымдар Екінші лигаға төмендейді.

Осы маусымда тек қазақстандық футболшылар доп теуіп, алғаш рет барлық матчтар отандық телеарналардан тікелей эфирде ұсынылды. Турнирдің бас серіктесі 1ХВЕТ букмекерлік компаниясы. Биылғы маусымның ерекшелігі – алғашқы турдан, қазіргі сәтке дейін турнир кестесінде шиелініс жалғасып жатыр.

Ең бірінші кезекте "алтынға" көкшетаулық "Оқжетпес" үмітті. Андрей Ферапонтовтың шәкірттері 18 жеңіс пен 3 тең көрсеткіштің арқасында 57 ұпаймен топ бастап тұр. Команда осы турда сырт алаңда SD Family-мен доп теуіп, өз жерінде "Қайсар Жас" командасымен ойнап, маусымды аяқтайды. Қос қарсылас та турнир кестесінің төменгі жақтарында орналасқандықтан, көкшетаулықтар басты фаворит. "Оқжетпеске" қалған екі кездесуде тек қана жеңіске жетсе, жеткілікті.

Ал "Қайрат-Жастар" 1 ғана ұпай қалып, екінші орында келеді. Алматылық жастар регламент бойынша Премьер-лигаға шыға алмағанымен, тарихи чемпиондықты алудан кетәрі емес. "Сары-қаралар" алдағы аптада "Қайсар Жас" пен "Алтайға" қонаққа барады. 70 жылдық мерейтойға байланысты "Қайрат-Жастар" бірінші орынға ұмтылып, "Оқжетпестің" ұпай жоғалтқанын күтеді.

Үшінші орында "Ұлытау" тұр. Жезқазғандық клуб сенсация авторы атанып үлгеріп, дебютті маусымда-ақ Премьер-лиганың жолдамасын жеңіп алуға жақын қалды. Иван Азовскийдің шәкірттері жеңіліссіз 10 матч өткізіп, көшбасшыдан 3 ұпай ғана қалып келеді. Олар енді Оралда "Ақжайықпен" күш сынасып, өз жерінде SD Family-ді қабылдайды. Сонымен қатар "Ұлытау" сапында турнирдің үздік сұрмергені Жасұлан Молдақараев өнер көрсетеді. Дәл қазіргі сәтте футболшы 17 гол соғып үлгерді.

QFL Бірінші лигасының мәресіне жақын қалды
Фото: Qazaqstan Football League

Теориялық тұрғыдан "Каспий" мен "Хан-Тәңірі" үздік үштікке кіруі мүмкін. Командалар "Ұлытаудан" 2 ұпай қалып тұр. Олардың жүлдеге ілігуі тек қана өздеріне ғана емес, қарсыластарының ұпай жоғалтқанына да байланысты болмақ.

Айта кетейік, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 29-шы тур ойындары 17-18 қазанда, ал шешуші тур 25 қазанда өтеді! Ойындарға келіп, сүйікті командаңызды қолдаңыз! Матчтарды тікелей эфирде Q Football, Q Arena, Q League телеарналары, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және и Q Football мобильді қосымшасынан көре аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2175008-1hvet-qfl-birinshi-ligasynyng-maresi-aiaqtaluga-zhaqyn-kim-chempion-atanady/