jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    17 жастағы өзбек футболшысы бар: шетелдік басылым үздік жас таланттарды іріктеді

    Азизбек Тулкинбеков
    Азизбек Тулкинбеков. Фото: fcbunyodkor.com

    Белгілі британиялық "The Guardian" басылымы әлем футболының ең үздік 60 жас талантының тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Next Generation 2024" деп аталған бұл тізімге 2007 жылы туған ойыншылардың арасынан Ташкенттің "Бунедкор" клубы мен Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасының қорғаушысы Азизбек Тулкинбеков енді.

    "Өзбекстанда жас ойыншылардың арасынан оза шығу оңай емес, өйткені бұл елде көптеген талантты футболшы бар. Бірақ Азизбек Тулкинбеков былтырғы 17 жасқа дейінгі футболшылар арасынлағы әлем чемпионатында назарға ілікті. Ол барлық матчқа қатысты. Құрама сапында Англияны жеңгенімен, Франциядан ширек финалда ұтылды. Азизбек Тулкинбеков допты ырқына еркін бағындыра алады және қорғаушы ретінде өзін еркін сезінеді. Сондай-ақ ол жартылай қорғаушы ретінде де ойнай алады", - деп жазды "The Guardian" басылымы.

    Айта кетейік, бұл тізімде "Барселонаның" және Испания құрамасының 17 жастағы жұлдызы Ламин Ямаль, оның командаластары Пау Кубарси мен Марко Берналь де бар.

    17 жастағы өзбек футболшысы бар: шетелдік басылым үздік жас таланттарды іріктеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.