jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатының үздік ойыншысы "Қайрат" клубымен келісімшартқа отырды

    Кевин Арриета
    Кевин Арриета. Фото: Alex Caparros - FIFA/FIFA via Getty Images

    Алматылық "Қайрат" футзал клубы Аргентина құрамасының 27 жастағы ойыншысы Кевин Арриетамен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аргентиналық Кевин Арриета ресми түрде алматылық "Қайрат" футзал клубының ойыншысы атанды. Тараптар "1+1" жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды.

    "Жаңа ойыншымызға сәттілік және "Қайрат" футзал клубы сапында үлкен жеңістер тілейміз", - делінген клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

    Бұған дейін алматылық клубтың жаңа ойыншысы Кевин Арриета Испанияның "Альсира" клубында өнер көрсеткен.

    Айта кетейік, биыл Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында 27 жастағы аргентиналық шабуылшы Кевин Арриета турнирдің үздік үш сүрмергенінің қатарына енді. Сондай-ақ әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина құрамасы сапында Кевин Арриета Қазақстан қақпасына 2 гол соққан болатын.

    Әлем чемпионатының үздік ойыншысы "Қайрат" клубымен келісімшартқа отырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.