jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Челсиге" қарсы ойын Астанада өткенін қалаймыз": "Астана" клубының бапкері алдағы матч туралы айтты

    Григорй Бабаян
    Григорй Бабаян. Фото: fcastana.kz

    "Астана" футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян УЕФА Конференция лигасы аясында "Челсиге" қарсы өтетін матч туралы пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елордалық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында 12 қазанда "Челсиге" қарсы ойын өткізеді.

    "Команда, бапкерлер құрамы осындай маңызды матчың Астанада, өз алаңымызда, "Астана Аренада" жанкүйерлеріміздің алдында өткенін қалайды. Бірақ бұл жағдайда тек қана клубтың тілегі жеткіліксіз. Қазіргі уақытта бұл матч ресми түрде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді деген хабар бар. Бірақ матч "Астана Аренада" өтеді деп сенеміз", - деді Григорий Бабаян Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында.

    Айта кетейік, 3 қыркүйекте "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында Алматыда сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасына қарсы ойын өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

    "Челсиге" қарсы ойын Астанада өткенін қалаймыз": "Астана" клубының бапкері алдағы матч туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.