Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" клубы "Баварияны" ірі есеппен жеңді: Чемпиондар лигасының 3-тур матчтары аяқталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Барселона" футбол клубы
"Барселона" футбол клубы. Фото: David Ramos/Getty Images)

Испаниялық "Барселона" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 3-турында германиялық "Баварияны" өз алаңында ірі жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Барселона" мен "Бавария" футбол клубтары УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 3-турында кездесті. Бұл кездесуде "Барселона" футбол клубы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

"Барселона" сапында Рафинья хет-трик жасады (1, 45, 56-минуттар), Роберт Левандовски бір гол соқты (36). Ал "Бавария" клубы сапынан Харри Кейн (18) көзге түсті.

Англиялық "Ливерпуль" сырт алаңда германиялық "РБ Лейпциг" командасын 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды Дарвин Нуньес (27) соқты.

23 қазандағы ойын күнінің нәтижелері:

  • "Аталанта" (Италия) – "Селтик" (Шотландия) – 0:0;
  • "Брест" (Франция) – "Байер" (Германия) – 1:1;
  • "Манчестер Сити" (Англия) – "Спарта" (Чехия) – 5:0;
  • "Барселона" (Испания) – "Бавария" (Германия) – 4:1;
  • "Ред Булл Зальцбург" (Аустрия) – "Динамо Загреб" (Хорватия) – 0:2;
  • "Янг Бойз" (Швейцария) – "Интер" (Италия) – 0:1;
  • "Бенфика" (Португалия) – "Фейеноорд" (Нидерланды) – 1:3;
  • "Атлетико" (Испания) – "Лилль" (Франция) – 1:3;
  • "РБ Лейпциг" (Германия) – Ливерпуль (Англия) – 0:1.

Үшінші турдың қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының турнир кестесінде қосымша көрсеткіштер бойынша ең көп тоғыз ұпай жинаған англиялық "Астон Вилла" көш бастап келеді. "Ливерпуль" клубының да еншісінде 9 ұпай бар.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-турының матчтары 5-6 қарашада өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2178267-barselona-kluby-bavariiany-iri-eseppen-zhengdi-chempiondar-ligasynyng-3-tur-matchtary-aiaqtaldy/