jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Эль-Классико: "Барселона" футбол клубы "Реал" қақпасына жауапсыз 4 гол соқты

    "Барселона" футбол клубы
    "Барселона" футбол клубы. Фото: David Ramos/Getty Images

    "Барселона" футбол клубы Испания чемпионатының 11-туры аясында сырт алаңда "Реалды" ірі есеппен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Эль-Класико Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтіп, ойын 4:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

    Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски дубль жасады (54 және 56-минуттар). Сондай-ақ испаниялық шабуылшы Ламин Ямаль (77) мен бразилиялық вингер Рафинья (85) гол соқты.

    "Барселона" футбол клубы ресми матчтарда бұған дейін "Реалға" қарсы өткен төрт матчта жеңіліс тапқан болатын.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта каталониялықтар турнир кестесінде 30 ұпай жинап, жеке дара көш бастап келеді. Ал мадридтік "Реалдың" еншісінде 24 ұпай бар.

    Эль-Классико: "Барселона" футбол клубы "Реал" қақпасына жауапсыз 4 гол соқты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.