Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-тур ойындары өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
УЕФА Чемпиондар лигасының 4-туры аясында мадридтік "Реал" өз алаңында "Миланнан" 1:3 есебімен жеңіліп, биылғы еурокубоктағы екінші жеңілісіне ұшырады.
"Милан" клубы сапынан Малик Тшау (12-минут), Альваро Мората (39) және Тижани Рейндерс (73) гол соқты. Ал "Реал" сапынан жалғыз голды Винисиус (23) пенальтиден соқты.
Бұл турдың тағы бір орталық матчында "Ливерпуль" өз алаңында леверкузендік "Байерді" 4:0 есебімен жеңді. Ағылшындар сапында Луис Диас хет-трик жасады (61, 83, 90+2), ал тағы бір голды Коди Гакпо (63) соқты.
Тағы бір ағылшындық алпауыт "Манчестер Сити" сырт алаңда лиссабондық "Спортингтен" 1:4 есебімен жеңіліп қалды. "Спортинг" клубының ойыншысы Виктор Дикерес (38, 49, 81) хет-трик авторы атанса, тағы бір голды Максимилиано Араухо (46) соқты. Ал қонақтар сапында Фил Фоден (4) жалғыз голды соқты.
5 қарашадағы ойын күнінің нәтижелері:
- "ПСВ" (Нидерланды) – "Жирона" (Испания) – 4:0;
- "Слован" (Словакия) – "Динамо Загреб" (Хорватия) – 1:4;
- "Болонья" (Италия) – "Монако" (Франция) – 0:1;
- "Спортинг" (Португалия) – "Манчестер Сити" (Англия) – 4:1;
- "Боруссия Дортмунд" (Германия) – "Штурм" (Аустрия) – 1:0;
- "Селтик" (Шотландия) – "РБ Лейпциг" (Германия) – 3:1;
- "Лилль" (Франция) – "Ювентус" (Италия) – 1:1;
- "Ливерпуль" (Англия) – "Байер" (Германия) – 4:0;
- "Реал" (Испания) – "Милан" (Италия) – 1:3.
Айта кетейік, бүгін, 6 қарашада УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-тур аясындағы ойындары өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2183586-real-milannan-zhengildi-liverpul-baierge-zhauapsyz-4-gol-soqty-chempiondar-ligasynyng-4-tur-matchtary-qalai-otti/