jitsu gif
Спорт

    "Реал" жеңілді, "Ливерпуль" "Байерге" жауапсыз 4 гол соқты: Чемпиондар лигасының 4-тур матчтары қалай өтті

    "Милан" футболшысы Малик Тшау
    "Милан" футболшысы Малик Тшау. Фото: Burak Akbulut/Anadolu via Getty Images

    Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-тур ойындары өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    УЕФА Чемпиондар лигасының 4-туры аясында мадридтік "Реал" өз алаңында "Миланнан" 1:3 есебімен жеңіліп, биылғы еурокубоктағы екінші жеңілісіне ұшырады.

    "Милан" клубы сапынан Малик Тшау (12-минут), Альваро Мората (39) және Тижани Рейндерс (73) гол соқты. Ал "Реал" сапынан жалғыз голды Винисиус (23) пенальтиден соқты.

    Бұл турдың тағы бір орталық матчында "Ливерпуль" өз алаңында леверкузендік "Байерді" 4:0 есебімен жеңді. Ағылшындар сапында Луис Диас хет-трик жасады (61, 83, 90+2), ал тағы бір голды Коди Гакпо (63) соқты.

    Тағы бір ағылшындық алпауыт "Манчестер Сити" сырт алаңда лиссабондық "Спортингтен" 1:4 есебімен жеңіліп қалды. "Спортинг" клубының ойыншысы Виктор Дикерес (38, 49, 81) хет-трик авторы атанса, тағы бір голды Максимилиано Араухо (46) соқты. Ал қонақтар сапында Фил Фоден (4) жалғыз голды соқты.

    5 қарашадағы ойын күнінің нәтижелері:

    • "ПСВ" (Нидерланды) – "Жирона" (Испания) – 4:0;
    • "Слован" (Словакия) – "Динамо Загреб" (Хорватия) – 1:4;
    • "Болонья" (Италия) – "Монако" (Франция) – 0:1;
    • "Спортинг" (Португалия) – "Манчестер Сити" (Англия) – 4:1;
    • "Боруссия Дортмунд" (Германия) – "Штурм" (Аустрия) – 1:0;
    • "Селтик" (Шотландия) – "РБ Лейпциг" (Германия) – 3:1;
    • "Лилль" (Франция) – "Ювентус" (Италия) – 1:1;
    • "Ливерпуль" (Англия) – "Байер" (Германия) – 4:0;
    • "Реал" (Испания) – "Милан" (Италия) – 1:3.

    Айта кетейік, бүгін, 6 қарашада УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-тур аясындағы ойындары өтеді.

    "Реал" жеңілді, "Ливерпуль" "Байерге" жауапсыз 4 гол соқты: Чемпиондар лигасының 4-тур матчтары қалай өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.