Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының басты қаһармандары кім

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Астанa" мен "Тобыл" арасындағы матч
"Астанa" мен "Тобыл" арасындағы матч. Фото: fctobol.kz

Кеше, 10 қарашада футболдан 2024 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды. KAZ.NUR.KZ тілшісі осы маусымның басты қаһармандары мен жыл үздіктерінің фоторепортажын ұсынады.

10 қарашада футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-туры аясында алматылық "Қайрат" сырт алаңда "Атырау" командасымен кездесті. Нәтижесінде "Қайрат" футбол клубы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды. Бұл алматылық команда тарихындағы төртінші алтын жүлде.

Рафаэль Уразбахтин – "Қайрат" футбол клубының бас бапкері

Александр Кержаков – "Қайраттың" бұрынғы жаттықтырушысы

Ресей құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген Александр Кержаков маусымның басында алматылық команданы басқарды. Бірақ турнирдің ортасында маман клубтан кетіп, оның орнына Уразбахтин келген еді. Жаңа бапкер маусымды абыроймен аяқтап, клуб тарихындағы төртінші чемпиондыққа қол жеткізді.

Николай Синьевич – 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені

"Атырау" футбол клубының беларуссиялық шабуылшысы биылғы маусымда 10 гол соғып, үздік сұрмерген атанды. 32 жастағы форвард биыл барлығы 24 ойынға қатысты. Оның 3 ойынында ғана матчқа қосалқы құрамнан қосылды.

Григорий Бабаян – "Астана" футбол клубының бас бапкері

Елордалық "Астана" футбол клубы 24 ойында 46 ұпай жинап күміс медаль иегерлері атанды. Олар чемпиондардан небәрі 1 ұпайға қалып қойған болатын. Сонымен қатар "Астана" Бабаянның жетекшілігімен УЕФА конференция лигасының топтық кезеңіне дейін жетті.

Ислам Чесноков – 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының екінші үздік сұрмергені

Қазақстандық жартылай қорғаушы да биыл 10 гол соғып маусымның үздік сұрмергендерінің тізіміне енді.

Стас Покатилов – маусымның үздік қақпашысы

31 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысы қостанайлық "Тобылмен" ел біріншілігін 5-орында аяқтады. Сонымен қатар биылғы чемпионатта 11 ойында гол өткізбеген жалғыз қақпашы атанды.

Асхат Тағыберген – ең көп ассист жасаған ойыншы

Қазақстан құрамасының капитаны биылғы маусымда 7 нәтижелі пас беріп, үздік ассистенттер тізімінде көш бастады.

Айта кетейік, "Қайрат" ұжымы чемпиондық атақтың арқасында келесі жылы Қазақстан Суперкубогы және УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды. Турнирдің қорытындысы бойынша, "Астана", "Ақтөбе", "Ордабасы" командалары да еурокубокқа қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2185617-2024-zhylgy-futboldan-qazaqstan-chempionatynyng-basty-qaharmandary-kim-foto/