"Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында португалиялық "Витория" мен ағылшындық "Челси" командаларына қарсы өтетін ойындар бойынша мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"14 қараша "Астана" – "Витория" (Гимарайнш) матчына билеттер сатылымға шығады. Араға бір апта салып 12 желтоқсанда өтетін "Астана" – "Челси" матчына билеттер сатыла бастайды.
Gismeteo мәліметі бойынша, "Челсимен" ойын күні Алматыда желтоқсан айына қарамастан, ауа райы күндіз +3° және түнде -1° температура болады.
Клуб басшылығы қала әкімдігімен және стадион әкімшілігімен бірлесіп, көрермендердің стадионда қауіпсіздігін, тәртібін және жайлы жағдайда ойын тамашалауын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген "Астана" футбол клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, "Астана" УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде 28 қарашада "Виториямен" (Португалия), 12 желтоқсанда "Челсимен" (Англия), 19 желтоқсанда "АПОЭЛ"-мен (Кипр) ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2186118-astana-chelsi-oiyn-kuni-almatyda-qandai-aua-raiy-bolady/