Бүгін, 13 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихатына бас бапкер Станислав Черчесов пен команда капитаны Асхат Тағыберген қатысты.
Айта кететін жайт – бұл баспасөз мәслихатында синхрон (ілеспе аударма) қосылды. Яғни баспасөз мәслихаты арнайы аудармашының қажетінсіз өтті.
"Ілеспе аударма уақытты үнемдеуге пайдасын тигізеді. Сондай-ақ УЕФА тарапынан алдағы уақыттарда міндетті түрде ілеспе аударма болуы керек талап қойылды. Бұрындары бірнеше аудармашыны қойып, жұмыс істеу қиын болатын. Бірақ ілеспе аударма бәріне де ыңғайлы деп ойлаймын", - деді ҚФФ баспасөз хатшысы Мұратбек Биманов.
Айта кетейік, 14 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Ал 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.
Қазір Ұлттар лигасы B дивизионының 3-тобында Норвегия, Аустрия, Словения құрамалары 7 ұпай жинап, бірінші орынды өзара бөлісіп келеді. Ал Қазақстан құрамасы 1 ұпай еншілеп, топтағы соңғы орынға жайғасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2186756-ilespe-audarma-qosyldy-almatyda-futboldan-ulttyq-quramanyng-baspasoz-maslihaty-otip-zhatyr/