jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ілеспе аударма қосылды: Алматыда футболдан ұлттық құраманың баспасөз мәслихаты өтті

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихаты
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихаты. Фото: NUR.KZ/Арқалық Қуанған

    Бүгін, 13 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихатына бас бапкер Станислав Черчесов пен команда капитаны Асхат Тағыберген қатысты.

    Айта кететін жайт – бұл баспасөз мәслихатында синхрон (ілеспе аударма) қосылды. Яғни баспасөз мәслихаты арнайы аудармашының қажетінсіз өтті.

    "Ілеспе аударма уақытты үнемдеуге пайдасын тигізеді. Сондай-ақ УЕФА тарапынан алдағы уақыттарда міндетті түрде ілеспе аударма болуы керек талап қойылды. Бұрындары бірнеше аудармашыны қойып, жұмыс істеу қиын болатын. Бірақ ілеспе аударма бәріне де ыңғайлы деп ойлаймын", - деді ҚФФ баспасөз хатшысы Мұратбек Биманов.

    Айта кетейік, 14 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Ал 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.

    Қазір Ұлттар лигасы B дивизионының 3-тобында Норвегия, Аустрия, Словения құрамалары 7 ұпай жинап, бірінші орынды өзара бөлісіп келеді. Ал Қазақстан құрамасы 1 ұпай еншілеп, топтағы соңғы орынға жайғасқан.

    Ілеспе аударма қосылды: Алматыда футболдан ұлттық құраманың баспасөз мәслихаты өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.