jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Мен келгенге дейін құрама қараусыз болды": Станислав Черчесов ойыннан кейін пікір білдірді

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Ресей футбол қауымдастығы

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың нәтижесін жақсарту үшін қандай өзгерістер қажет екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бұл сылтау емес, бірақ біз ешқандай басымдыққа ие болмадық. Біз Астанадағы синтетикалық алаңда ойнамадық, ал ол жерде біз сәл де болсын мықты болар едік. Мен келгенге дейін бұл туралы ешкім ойламаған. Ойын күнтізбесі де бізге қолайлы емес: дайындалуға қосымша уақытымыз жоқ. Бұрын ондай мүмкіндік болған. Келесі жылы біз Астанаға қайта ораламыз, дегенмен Алматыда да керемет қолдады. Синтетикалық алаңда ойнамауымыздың салдарынан біз біршама артықшылықтан айырылдық.

    Ереже бойынша бізде дайындыққа уақыт болмады. Тек Аустрияға сапар алдындағы ойында екі күн артық дайындалдық. Мен келгенге дейін құрама қараусыз болды. Дайындалуға қосымша күндер алу үшін бірқатар құжат тапсырдым. Бүгін көптеген ойыншы тәжірибе жинақтады. Біз Әлібек Қасым мен Сұлтанбек Астанов сияқты ойыншыларға мүмкіндік бердік. Бұл алдағы уақытта өз нәтижесін береді деп үміттенеміз", - деді Станислав Черчесов.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы Норвегияға қарсы сырт алаңда өткен ойында 0:5 есебімен жеңіліп, Ұлттар лигасының В дивизионынан ұшып кетті.

    "Мен келгенге дейін құрама қараусыз болды": Станислав Черчесов ойыннан кейін пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.