Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіссөздер жүріп жатыр": ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Магомед Адиев қай клубтың тізгінін ұстайды

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев "Матч ТВ" телеарнасына берген сұқбатында бірнеше клубпен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Магомед Адиев қазіргі таңда бірнеше клубпен келіссөздер жүргізіп жатқанын, бірақ әзірге ресми ұсыныстар түспегенін тілге тиек етті.

"Қазіргі уақытта нақты ұсыныстар болған жоқ, бірақ келіссөздер жүріп жатыр. Әзірге клубтардан жауап күтіп отырмын", - деді Магомед Адиев.

Сондай-ақ футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев қазір команда тізгінін ұстап отырған Станислав Черчесовтің сөзі көңіліне тигенін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, Магомед Адиев биыл қыркүйектің басында ресейлік "Ахмат" клубынан кеткен болатын. Оған дейін ол екі жыл бойы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған.

Магомед Адиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алдыңғы маусымында С дивизионының жеңімпазы атанған болатын. Сондай-ақ Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңінде бұрын-соңды болмаған тарихи нәтижені көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2189978-kelissozder-zhurip-zhatyr-ulttyq-quramanyng-buryngy-bapkeri-magomed-adiev-qai-klubtyng-tizginin-ustaidy/