"Ақтөбе" футбол клубы мен Доминикан Республикасы құрамасының ойыншысы Дорни Ромеро КОНКАКАФ Ұлттар лигасындағы матчта төрт гол соқты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
20 қарашада КОНКАКАФ Ұлттар лигасы аясында Доминикан Республикасы өз алаңында Бермуд Аралдары құрамасын қабылдады. Бұл ойында 6:1 есебімен доминикандықтар жеңіске жетті. Алаң иелері сапынан 26 жастағы "Ақтөбе" ойыншысы Дорни Ромеро көзге түсіп, төрт гол салды (32, 69, 89 және 90+4 минутта).
Осының арқасында Ромеро бұл турнирде соққан голдарының санын 10-ға жеткізіп, КОНКАКАФ Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үздік сұрмергені атанды. Оның құрамасы 18 ұпаймен екінші дивизондағы D тобында жеңіске жетті.
Дорни Ромеро 2024 жылдың наурызынан бастап қазақстандық клубта ойнап жүр. Осы уақыт ішінде форвард "Ақтөбе" сапында 31 матч өткізіп, 7 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, ол өз командасына ҚПЛ-2024 қола жүлдегері атануға және Қазақстан кубогын жеңіп алуға көмектесті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2190504-aqtobe-futbolshysy-bir-matchta-4-gol-sogyp-uzdik-surmergen-atandy-video/