Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Максим Самородов пен Артур Шушеначев Ресей кубогы ширек финалында гол салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Сочи" футбол клубында ойнайтын Артур Шушеначев махачкалалық "Динамоға" қарсы ойында есеп ашты. Ол 45-минутта мергендік танытты. Бұл матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында "Динамо" ұжымы басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Шушеначев "Сочи" құрамында екі рет гол соққан. Алайда олар қарсыластың автоголы ретінде тіркелген болатын.
Ал "Ахмет" клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Максим Самородов "Зенитке" (Cанкт-Петербург) қарсы матчта көзге түсті. Ол екінші таймның қосымша уақытында қарсылас қақпасына дәл соққы жасады. Десе де "Ахмет" командасы 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Самородов "Ахмат" сапында қатарынан екінші матчта гол соғып отыр. Ол бұған дейін Ресей чемпионатында "Совет қанаттарына" қарсы матчта мергендік танытқан (1:2). Осы маусымда Самородов ресейлік команда үшін барлығы үш гол салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2193566-futboldan-qazaqstan-quramasynyng-eki-oiynshysy-resei-kubogynda-gol-soqty-video/