Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футбол клубы екі күн ішінде бес ойыншысымен қоштасты

Жарияланған күні:

Андрей Ульшин
Андрей Ульшин. Фото: instagram.com/andreyulshin

Алматылық "Қайрат" футбол клубы кейінгі екі күн ішінде бес ойыншысының командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайраттың" Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш бірдей жартылай қорғаушы Арсен Буранчиев, Андрей Ульшин, Дмитрий Сергеев, сонымен қатар шабуылшы Вячеслав Швырев келісімшарт мерзімі аяқталғандықтан, "Қайраттан" кетеді. Сондай-ақ қақпашы Данил Усименко да енді "Қайрат" сапында ойнамайды.

24 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Дмитрий Сергеев алмытылық клубқа 2023 жылдың басында қосылған еді. Осы уақыт ішінде "сары-қаралар" сапында ол 53 матч өткізіп, 6 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.

Тағы бір жартылай қорғаушы Андрей Ульшин – "Қайрат" түлегі. Оның негізгі командадағы дебюті 2020 жылы Премьер-лиганың 19-турындағы "Қызылжарға" қарсы матчта (2:3) өтті. Андрей "Қайраттағы" мансабында 81 матч өткізіп, 9 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.

Ал Арсен Буранчиев – алматылық клуб жүйесінде 10 жылдан астам уақыт өткізген клуб түлегі. Ол 2020 жылғы қараша айында «Қызылжарға» қарсы матчта негізгі командада дебют жасаған . Содан бері ол "Қайрат" сапында 66 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

23 жастағы шабуылшы Вячеслав Швырев та "Қайрат" түлегі. Оның негізгі командадағы дебюті 2018 жылғы наурыз айында небәрі 17 жасында "Қызылжарға" қарсы ойында өтті. Бір айдан кейін ол ересектер футболындағы алғашқы голын "Оқжетпес" қақпасына соқты. Швырев "сары-қаралар" құрамындағы мансабында 114 матч өткізіп, 30-дан астам нәтижелі әрекет жасаған.

Қақпашы Данил Устименко – "Қайрат" академиясының түлегі. Оның "Қайрат" сапындағы дебюті 2020 жылы премьер-лиганың 3-турындағы "Жетісуға" қарсы матчта өтті. Онда ол алғаш рет қақпасына гол өткізбеді. "Сары-қаралар" құрамындағы мансабында Устименко 74 матч өткізіп, оның 26-сында қақпасына гол дарытпаған. Данилдің Қазақстан құрамасына бірнеше рет шақырылды және биылғы маусым айында ұлттық құрама сапында Әзірбайжанға қарсы ойында дебют жасады.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркін Тапалов алматылық "Қайрат" клубына ауысқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2193788-qairat-futbol-kluby-eki-kun-ishinde-bes-oiynshysymen-qoshtasty/