Футболдан Қазақстан ерлер құрамасы қарашада Ұлттар лигасы аясында өткен матчтардан кейін ФИФА рейтингінде төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы үш сатыға төмендеп, 110-орынға жайғасты. Аргентина көш басында қалса, екінші Франция, үшінші Испания тұр.
Айта кетейік, қарашада Қазақстан құрамасы екі рет жеңіліске ұшырады. Алдымен өз алаңында Аустрияға (0:2), кейін сырт алаңда Норвегияға (0:5) есе жіберді.
28 қарашада жаңартылған ФИФА рейтингі:
- 1. Аргентина – 1867,25 ұпай;
- 2. Франция – 1859,78;
- 3. Испания – 1853,27;
- 4. Англия – 1813,81;
- 5. Бразилия – 1775,85;
- 6. Португалия – 1756,12;
- 7. Нидерланд – 1747,55;
- 8. Бельгия – 1740,62;
- 9. Италия – 1731,51;
- 10. Германия – 1703,79...
- 110. Қазақстан – 1180,18.
Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасының екі ойыншысы Ресей кубогында гол соққанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2193990-futboldan-qazaqstan-quramasynyng-fifa-reitingindegi-orny-ozgerdi/