Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси, Холанд және Мбаппе: клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребеcі тартылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Клубтар арасындағы әлем чемпионатының кубогы
Клубтар арасындағы әлем чемпионатының кубогы. Фото: Brennan Asplen/Getty Images

Майамиде 2025 жылы АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алдағы әлем чемпионаты алғаш рет жаңартылған форматта ұйымдастырылады. Турнирге барлық алты құрлық конфедерациясынан 32 команда қатысады. Олар сегіз топқа бөлінген. Әр топта төрт клубтан бар.

2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребе нәтижесі:

  • А тобы: "Палмейрас" (Бразилия), "Порту" (Португалия), "Аль-Ахли" (Мысыр), "Интер Майами" (АҚШ);
  • В тобы: "ПСЖ" (Франция), "Атлетико Мадрид" (Испания), "Ботафого" (Бразилия), "Сиэтл Саундерс" (АҚШ);
  • С тобы: "Бавария" (Германия), "Окленд Сити" (Жаңа Зеландия), "Бока Хуниорс" (Аргентина), "Бенфика" (Португалия);
  • D тобы: "Фламенго" (Бразилия), "Эсперанс" (Тунис), "Челси" (Англия), "Леон" (Мексика);
  • Е тобы: "Ривер Плейт" (Аргентина), "Урава Ред Даймондс" (Жапония), "Монтеррей" (Мексика), "Интер" (Милан);
  • F тобы: "Флуминенсе" (Бразилия), "Боруссия Дортмунд" (Германия), "Ульсан" (Оңтүстік Корея), "Мамелоди Сандаунc" (Оңтүстік Африка);
  • G тобы: "Манчестер Сити" (Англия), "Видад" (Марокко), "Аль-Айн" (БАӘ), "Ювентус" (Италия);
  • H тобы: "Реал Мадрид" (Испания), "Аль-Хиляль" (Сауд Арабиясы), "Пачука" (Мексика), "Ред Булл Зальцбург" (Аустрия).

Топтық кезең айналымдық жүйе бойынша өтеді. Әр төрттіктен екі мықты команда 1/8 финалдан басталатын плей-офф кезеңіне өтеді. Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2196968-messi-holand-zhane-mbappe-klubtar-arasyndagy-alem-chempionatynyng-zherebeci-tartyldy/