jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    ФИФА нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік футболшысы анықталды

    Винисиус Жуниор
    Винисиус Жуниор. Фото: Mohamed Farag - FIFA/FIFA via Getty Images

    Футболдан Бразилия құрамасының және мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниор ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    FIFA The Best марапаттау рәсімі Катар астанасы Дохада өтті.

    Жылдың үздік футболшысы жүлдесіне лайық деп танылған 11 ойыншы іріктеуден өтті. Бұл марапат 2023 жылдың 21 тамызы мен 2024 жылдың 10 тамызы аралығында үздік ойын көрсеткен футболшыға табысталады.

    Салтанатты шара соңында ФИФА президенті Джанни Инфантино сыйлықтың иегерін анықтады. Нәтижесінде бұл марапатты бразилиялық Винисиус Жуниор иеленді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кейбір БАҚ бразилиялық Винисиус Жуниор "Алтын доп" жүлдесін иеленеді деп болжам жасаған болатын. Алайда бұл жүлде ақыр соңында ағылшындық "Манчестер Ситиде" ойнайтын испаниялық Родриге бұйырды.

    Ал Айтана Бонмати ФИФА нұсқасы бойынша жылдың ең үздік әйел футболшысы деп танылды. Бұған дейін "Алтын доп" жүлдесін де осы футболшы алған болатын.

    Басқа аталымдар бойынша жеңімпаздар:

    • Жылдың үздік голы (ерлер): Алехандро Гарначо (Аргентина / "Манчестер Юнайтед");
    • Жылдың үздік голы (әйелдер): Марта (Бразилия / "Орландо Прайд");
    • Жылдың үздік қақпашысы (ерлер): Эмилиано Мартинес (Аргентина / "Астон Вилла");
    • Жылдың үздік қақпашысы (әйелдер): Алиса Нихер (АҚШ / "Чикаго Ред Старс");
    • Жылдың үздік футбол бапкері (ерлер): Карло Анчелотти (Италия / "Реал Мадрид");
    • Жылдың үздік футбол бапкері (әйелдер): Эмма Хейс (Англия / "Челси");
    • Fair Play жүлдесі: Тиаго Майа (су тасқыны кезінде қарт әйелді құтқарған бразилиялық футболшы);
    • Жанкүйер сыйлығы: Гильерме Гандра Моура (бразилиялық "Васко да Гаманың" генетикалық ауруға шалдыққан сегіз жасар жанкүйері).

    ФИФА нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік футболшысы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.