Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жақында БАҚ-та футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуіне қатысты түрлі ақпараттар тараған болатын. Осыған байланысты ҚФФ бас бапкер Станислав Черчесовке қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады", - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл 3 маусымда ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2204283-qazaqstan-futbol-federatsiiasy-stanislav-cherchesovke-qatysty-resmi-malimdeme-zhasady/