RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Бүгін суперкубокта "Қайрат" пен "Ақтөбе" кездеседі

Жарияланған күні:

Футбол
Футбол. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогында "Қайрат" (Алматы) пен "Ақтөбе" командалары кездеседі, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Бұл ойында астаналық Саят Қарабаев бас төреші қызметін атқарады. Оған астаналық Тимур Тұрсымбаев пен Нұржан Жүнісов көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де астаналық Георгий Жуковский.

Қазірге дейін "Ақтөбе" 2008, 2010, 2014 жылдары үш мәрте суперкубокты төбесіне көтерсе, "Қайрат" 2016, 2017 жылдарда екі мәрте жеңімпаз атанды.

Ақтөбелік клуб өзі қатысқан суперкубоктың барлығында жеңсе, алматылық команда 2015, 2018, 2019, 2022 жылдары қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Биыл суперкубок ойыны өз тарихында 17 мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы ("Орталық"), Астана ("Астана Арена"), Қостанай ("Тобыл Арена") және Түркістан ("Түркістан-Арена") қалаларында болды.

Кездесу Астана уақытымен сағат 15.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2222916-bugin-superkubokta-qairat-pen-aqtobe-kezdesedi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif