RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасы Уэльстен 3:1 есебімен жеңілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
футболшылар
Уэльс-Қазақстан кездесуі. Фото: Adrian Dennis/AFP via Getty Images

Футболдан Әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирінде ұлттық құрама сырт алаңда 3:1 есебімен Уэльске есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Командалар "Кардифф Сити" стадионында J тобындағы бірінші турда кездесті. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Уэльс құрамасынан Дэниел Джеймс (9), Бен Дэвис (47) және Рабби Матондо (90+1) гол соқты. Алаң қонақтары тарапынан соққан жалғыз гол капитан Асхат Тағыбергенге тиесілі (32), ол пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Сонымен қатар Әли Әлиев бұл матчта бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде ресми дебют жасады.

Ал Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жас футболшы атанды. Форвард 74-минутта Максим Самородовты алмастырды.

Бұл жеңіс Уэльске үш ұпай әперді, сөйтіп команда топта екінші орынға шықты. Топта Лихтенштейнге қарсы ойында іріктеу кезеңін жеңіліспен бастаған Солтүстік Македония құрамасы қосымша көрсеткіштер бойынша одан жоғары тұр.

Екінші турда Қазақстан сырт алаңда Лихтенштейнмен ойнайды. Матч наурыздың 25-інен 26-сына қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2230175-futboldan-qazaqstan-quramasy-uelsten-3-1-esebimen-zhengildi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif