jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қош келдің, күйеу бала": "қазақтың Модричі" Қазақстанға оралды

    Рамазан Оразов
    Рамазан Оразов. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов ресми түрде Данияның "Силькеборг" клубынан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін семейлік "Елімай" командасына еркін агент ретінде ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды 1bol.kz.

    "Мансабының маңызды бөлігін "Қайрат", "Ақтөбе" қатарында өткізген ойыншы қазақтың Модричі атымен кеңінен танымал. Словениялық "Копер" мен Дания біріншілігінде ойнау тәжірибесі бар ойыншыға туған еліне қош келдің дейміз! Оның үстіне Рамазан Оразовтың жұбайы Абай облысының, Ақсуат ауданынан екенін айтқымыз келеді. Қош келдің, күйеу бала!", - делінген "Елімай" футбол клубының ақпаратында.

    Еске салсақ, қазақстандық футболшы 2024 жылдың жазында "Тоболдан" Дания чемпионатына аттанған еді. "Силькеборг" сапында 24 матч өткізіп, үш гол соқты. Бұған дейін 2024 жылдың қаңтарында "Копермен" келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.

    Қазақстан құрамасында Оразов 2021 жылғы 31 наурызда Украинаға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында дебют жасап, жалпы 31 матчта бір голмен көзге түсті.

    Transfermarkt порталы 27 жастағы жартылай қорғаушының трансферлік құнын 350 мың еуроға бағалап отыр.

    "Қош келдің, күйеу бала": "қазақтың Модричі" Қазақстанға оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.