jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, қомақты жүлдеге ие болды

    "Қайрат" футбол клубы
    "Қайрат" футбол клубы. Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

    Алматының "Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алып, қомақты жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматының "Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші турында Словакияның "Слован" командасымен кездесуде пенальтилер сериясының нәтижесімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық клуб плей-офф кезеңіне өтті.

    Еуропаның басты клубтық турнирінің іріктеу кезеңіне өткені үшін "Қайрат" 4,29 млн еуро (жарияланған кездегі бағам бойынша 2,5 млрд теңге) табыс тапты. Егер алматылық команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде жеңіске жетсе, 18,62 млн еуро (жарияланған кездегі бағам бойынша 11,7 млрд теңге) табыс таба алады.

    Соңғы іріктеу кезеңінде алматылықтар Шотландияның қазіргі чемпионы Глазгоның "Селтик" командасымен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысады, ал жеңілгені Еуропа лигасының жалпы кезеңінде ойнайды.

    Плей-офф кезеңінің алғашқы ойыны 20 тамызда Глазго қаласында өтеді. Қарымта кездесу 26 тамызда Алматыда өтеді деп жоспарланған.

    "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, қомақты жүлдеге ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.