jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты: Трамп жеребе тарту рәсімі қашан және қайда өтетінін айтты

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Andrew Harnik/Getty Images

    АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты қатысты арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, Трамппен бірге журналистер алдына ФИФА президенті Джанни Инфантино да сөз сөйлеген.

    Өз үндеуінде Трамп футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі қашан және қайда өтетінін айтқан.

    "Осы жылдың 5 желтоқсанында Вашингтондағы Кеннеди орталығында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. 2026 жылғы әлем біріншілігі спорт тарихындағы ең ірі әрі күрделі шара болмақ және Кеннеди орталығы оның тамаша бастауы болады", - деді Дональд Трамп Ақ үйде сөз сөйлеген сөзінде.

    Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді.

    Турнирге алғаш рет 48 команда қатысады, финалдық ойындар Нью-Джерсидегі "Метлайф-стэдиум" стадионында өтеді.

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты: Трамп жеребе тарту рәсімі қашан және қайда өтетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.