Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған "Қайрат" футбол клубы қанша табыс тапты
Опубликовано:
Читать на русском
Алматының "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. Бұл жетістік командаға қандай пайда әкелгені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, "Қайрат" іріктеу кезеңінде словениялық "Олимпия" (3:1 – екі матч бойынша), финляндиялық "КуПС" (3:2) және словакиялық "Слован" (1:1, пенальти бойынша – 4:3) командаларын жеңіп, плей-офф раундында шотландиялық "Селтикті" (0:0 пенальти бойынша – 3:2) турнирден шығарды.
Осылайша Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алматылық клуб 18,62 млн еуро (11,6 млрд теңге) табыс тапты.
Сонымен қатар жалпы кезеңде де жүлде қоры қарастырылған: ұтыс үшін – 2,1 млн еуро (1,3 млрд теңге), тең түссе – 700 мың еуро (436 млн теңге).
Еске салсақ, алматылық "Қайрат" плей-офф раундының қарымта матчында шотландиялық "Селтикті" өз алаңында жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алғанын хабарлағанбыз.
Бұған дейін "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткені үшін қомақты жүлдеге ие болған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2279454-chempiondar-ligasynyng-negizgi-kezengine-zholdama-algan-qairat-qansha-tabys-tapty/