jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" Чемпиондар лигасында мадридтік "Реалға" қарсы матч өткізеді

    "Қайрат" футбол клубы
    "Қайрат" футбол клубы. Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

    Қазақстандық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыластары анықталды. Олардың арасында әлемге әйгілі мадридтік "Реал" командасы бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребе тарту рәсімі Монакода өтіп жатыр. Топтық кезеңге 36 клуб қатысады. Алматылық "Қайрат" төрт іріктеу раундынан сәтті өтіп, жалпы кезеңге жолдама алды.

    Жеребе тарту рәсімі кезінде қазақстандық команданың 8 қарсыласы анықталды. Олардың қатарында "Реал Мадрид", "Интер", "Арсенал", "Брюгге", "Спортинг", "Олимпиакос", "Копенгаген" және "Пафос командалары бар.

    Алматылық клуб "Реал", "Брюгге", "Олимпиакос" және "Пафос" командаларына қарсы ойындарды өз алаңында өткізеді. Ал "Интер", "Арсенал", "Спортинг" және "Копенгаген" клубтарымен сырт алаңда кездеседі.

    "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыластары:

    • "Қайрат" — "Реал" (Мадрид, Испания)
    • "Интер" (Милан, Италия) — "Қайрат"
    • "Қайрат" — "Брюгге" (Бельгия)
    • "Арсенал" (Лондон, Англия) — "Қайрат"
    • "Қайрат" — "Олимпиакос" (Пирей, Греция)
    • "Спортинг" (Лиссабон, Португалия) — "Қайрат"
    • "Қайрат" — "Пафос" (Кипр)
    • "Копенгаген" (Дания) — "Қайрат"

    Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі 16 қыркүйекте басталып, 28 қаңтарда аяқталады. Нәтижесінде сегіз команда бірден 1/8 финалына өтіп, тоғыз бен 24-орындағы клубтар плей-офф аясында өтпелі матчтар өткізеді.

    Жалпы кезеңнің толық кестесі 30 тамызда жарияланады.

    "Қайрат" Чемпиондар лигасында мадридтік "Реалға" қарсы матч өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.