Мадридтік "Реалдың" Алматыға қашан келетіні белгілі болды
Опубликовано:
Бүгін, 30 тамызда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындардың нақты кестесі жарияланды. Оған сәйкес, күллі Қазақстан күткен "Қайрат"-"Реал" матчы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық "Қайрат" әйгілі испаниялық "Реал" клубын 30 қыркүйекте Алматыда өз алаңында қабылдайтын болды. Қос команданың кездесуі Орталық стадионда өтеді.
Алматылық клубтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчтарының толық кестесі мынадай:
18 қыркүйек. "Спортинг" – "Қайрат"
30 қыркүйек. "Қайрат" – "Реал Мадрид"
21 қазан. "Қайрат" – "Пафос"
5 қараша. "Интер" – "Қайрат"
26 қараша. "Копенгаген" – "Қайрат"
9 желтоқсан. "Қайрат" – "Олимпиакос"
20 қаңтар. "Қайрат" – "Брюгге"
28 қаңтар. "Арсенал" – "Қайрат".
Айта кетейік, "Қайрат" іріктеу раундының матчтарынан сәтті өтіп, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2280855-madridtik-realdyng-almatyga-qashan-keletini-belgili-boldy/