"Қайрат" – "Реал" матчы: қазақстандық футбол клубы билет сатылымына қатысты мәлімдеме жасады
Опубликовано:
Читать на русском
"Қайрат" футбол клубы ғаламторда тарап жатқан "Реалмен" матчқа билет сатылымы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ФК әлеуметтік желілерде таралып жатқан "Қайрат" — "Реал Мадрид" УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билетін сату немесе алдын ала броньдау жайлы ақпарат — шындыққа жанаспайтын, жаңсақ хабарлама екенін хабарлады.
"Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары.
Қазіргі уақытта билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ. Жанкүйерлерден бөгде хабарландыруларға сенбеулерін және билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауларын қатаң түрде сұраймыз", - деді клуб өкілдері.
Еске салсақ, бұған дейін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтетіні хабарланған болатын. Матч қаланың Орталық стадионында, Еуропа уақыты бойынша 18:45-те (жергілікті уақыт бойынша 21:45) басталатыны белгілі болды.
Сондай-ақ, "Қайрат" пен "Реалдың" сайттарында ресми сатылым басталғаны әзірге жарияланбағаны, бірақ кейбір агрегаторларда ақпарат пайда болып жатқаны хабарланды.
Кейінірек қазақстандық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы алдағы матчтың егжей-тегжейлері белгілі болды: билеттерді қалай және қайдан сатып алуға болатыны және олардың құны қанша болатыны туралы ақпарат пайда болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2280964-qairat-real-matchy-qazaqstandyq-futbol-kluby-bilet-satylymyna-qatysty-malimdeme-zhasady/