jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Чемпиондар лигасы қарсаңында "Қайрат" капитаны бетінен соққы алып, тісін зақымдады (видео)

    Александр Мартынович
    Александр Мартынович. Фото: Данияр Ахметов / "Қайрат" ФК баспасөз қызмет

    Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Александр Мартынович футболдан Беларусь құрамасының сапында өткен ойында жарақат алды, деп хабарлайды "На Банке" медиасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жұма күні ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастады. "С" тобындағы бірінші турда беларусьтықтар сырт алаңда гректерден 1:5 есебімен ірі есеппен жеңілді.

    Мартынович бастапқы құрамда капитан таңғышымен шықты. Алайда екінші таймның басында грек жартылай қорғаушысы Христос Цолиспен бетпе-бет келген ол қарсыласының шытағына бетімен түсіп, соққы алды.

    Жарақатынан қан кеткен Мартыновичке медициналық көмек қажет болды. Соққыдан оның тісіне зақым келтірілгені белгілі болды (тісін түсіп қалған болуы да ғажап емес). Салдарынан Беларусь құрамасының көшбасшысы кездесуді жалғастыра алмай, басқа ойыншыға ауыстырылды.

    Төреші Цолисті не сары, не қызыл қағазбен жазалаған жоқ. Артынша грек жартылай қорғаушысы өз командасының есебіне соңғы голды соқты.

    Матчтан кейін Беларусь құрамасының бас бапкері Карлос Алос Беларусь футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Мартыновичпен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

    "Шынымды айтсам, бар зейінім ойында болды, сондықтан оның жағдайы туралы нақты айта алмаймын. Дәрігер ауыстыру керек дегеннен кейін ауыстырылды. Мен толықтай дәрігердің пікіріне сенім арттым", - деді Алос.

    Ескерту! Видеода жарақат алу сәтінен кадрлар бар.

    Әзірге Мартыновичтің алаңға нақты қашан оралатыны белгісіз. Еске салайық, ол сонымен қатар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз ойынын 18 қыркүйекте Португалияның "Спортингке" қарсы матчынан бастайтын "Қайраттың" да капитаны.

    Чемпиондар лигасы қарсаңында "Қайрат" капитаны бетінен соққы алып, тісін зақымдады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.