jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақат алды: ол Чемпиондар лигасының матчына қатыса ала ма

    Темірлан Анарбеков
    Темірлан Анарбеков. Фото: instagram.com/anarbekov_temirlan77

    "Қайрат" ФК бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбековтің алдағы матчтарда клубқа көмектесе алмайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

    Кеше, 14 қыркүйекте Алматының "Қайрат" футбол клубының және ұлттық құраманың қақпашысы Темірлан Анарбеков Премьер-лиганың 23-турындағы ойында жарақат алды. Кездесудің 10-минутында Анарбеков допты қағып алмақ болған кезде қарсылас команда ойыншысымен соқтығысты.

    Стадионда футболшыға дереу медициналық көмек көрсетілді, ал 20 минуттан кейін оны арена аумағынан алып кетуге жедел жәрдем келді.

    Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин команданың қақпашысы Темірлан Анарбековтің алған жарақатының дәрежесі мен денсаулығының қалпына келу уақыты туралы айтты.

    "Маған белгілі ақпарат бойынша, Темірланның жақ сүйегі сынған, оның бізге қашан оралатыны белгісіз. Ол алдағы Чемпиондар лигасы мен ҚПЛ-2025 ойындарында командаға көмектесе алмайды", - деді футбол клубының жаттықтырушысы.

    "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақат алды: ол Чемпиондар лигасының матчына қатыса ала ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.